Шекарашылардың шығармашылық сайысы
Қостанай қаласындағы "Мирас" МҮ-де ҚР ҰҚК Шекара қызметінің 30 жылдығына арналған «Шекара шебінде» әскери-патриоттық байқауының шешуші кезеңі өтіп, жеңімпаздары марапатталды.


Қатысушылардың шығармашылығын облысқа танымал өнер иелерінен құрылған қазылар алқасы бағалады.

"Байқау мақсаты – әскери қызмет өткеріп жатқан жеке құрамның шығармашылық әлеуетін одан әрі дамыту және жетілдіру, тарих пен жауынгерлік дәстүрлерді, шекарашылардың Отанды қорғау жөніндегі жауынгерлігін бейнелейтін жаңа музыкалық-поэтикалық шығармаларды жасау және дәріптеу. Байқауға қатысушылардың репертуарында Отанға деген сүйіспеншілікке, Шекара қызметіне, әскери жолдастық пен достыққа арналған, патриотизм мен жоғары азаматтық жауапкершілікке тәрбиелейтін музыкалық шығармалар болды", – – дейді ҚР ҰҚК ШҚ Қостанай облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі.



Байқаудың барлық жүлдегері дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
