Бағдарлама қалай жүзеге асып жатыр? Бұл жөнінде дөңгелек үстел басында айтылды

Изображение 2 930

Дөңгелек үстел басында

2011-2020 жылдарға арналған "Ақбұлақ" бағдарламасы шалғай елді мекендерге су желілерін тартып, өңір тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтуға бағытталған. Жиырмасыншы жылға дейін жалғасатын бұл бағдарламаның арқасында елімізде орталықтандырылған ауыз сумен қамтудың түйіні біршама шешілері сөзсіз. Асылы, халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету тек билік басындағылардың ғана емес, саяси ұйымдардың да басты назарында. Осыған орай, облысымыздағы коммунистік партия мүшелері маңызды мәселенің қалай орындалып жатқандығын білу мақсатында бірқатар жауапты мекеме қызметкерлерінің басын қосып, жиналыс өткізді.
Басқосуда ең алдымен Қостанай облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруа-шылығы басқармасының бөлім басшысы Инна Феськова үсті-міздегі жылдың тоғыз айында бағдарлама  бойынша   атқарылған жұмыстар барысын баяндады. Оның айтуынша, өңірдегі 606 елді мекеннің 164-і орталықтандырылған су жүйесіне қосыл-ған. Яғни, бұл көрсеткіш 27,1 пайызды құрап отыр. Ал, қалған ауылдар суды құдықтан немесе өзен-көлдерден тасуға мәжбүр. Биылғы жылы бағдарламаны жүзеге асыруға облысқа 8 млрд. теңге бөлінген. Тоғыз ай ішінде соның 77 пайызы игерілген. Жыл аяғына дейін он елді мекенге су құбыры тартылмақ. Бірін-ші кезекте, Қамысты, Таран аудандарымен және Жанкелдиндегі Саға ауылы сапалы ауыз сумен қамтылатын болады.
Изображение 2 954

И.Феськова

Нәтижесінде, өңірдегі барлық ау-дан орталықтары ауыз сумен қамтылатын болады.
Қазақстандықтарды сапалы ауыз сумен қамту мәселесі бұл Елбасының "Болашақтың ірге-сін бірге қалаймыз" атты Жолдауындағы басым бағыттардың бірі. Осының арқасында қазір көптеген елді мекендер сапалы ауыз сумен қамтылуда. Дегенмен, осы мақсатқа қаншама қаржы бөлініп жатқанмен қажетті ауыз су кейбір елді мекендерге жетіп жатқан жоқ. Яғни, бағдарламаның орындалу барысында сылбырлық танытып отырған аудандар да жоқ емес. Басқосуда бағдарламаның орындалу нәтижелерін жан-жақты талқылаған коммунистер бірқатар кемшіліктерді де сөз етті.
– Елбасымыз осы жылы қыркүйек айында біздің өңірге келгенде "Ақбұлақ" бағдарламасы туралы, оның өңірде қалай орындалып жатқандығы туралы сөз еткен болатын. Осы мақсатта біз де жақында Денисов, Ұзынкөл және Қарабалық аудандарында болып, бағдарламаның қалай орындалып жатқандығын бақылап қайттық. Жалпы, бағдарлама бойынша су әрбір тұрғынның үйіне дейін тартылуы тиіс. Бірақ, біз кейбір елді мекендерде тек көше бойынша ғана тартылып жатқандығын, яғни су әр үйге кіргізіліп жатқан жоқ. Судың сапасына сын айтқандар да болды, – дейді КХП-ның Қостанай облыстық комитетінің хатшысы Алпысбай Әлімбаев.
Бағдарлама арқылы су тартылады деп жар салған кейбір аудандарда әлі күнге дейін су тартылмаған болып шықты. Мәселен, осыдан бес жыл бұрын Ұзынкөл ауданына бағдарлама арқылы  су  тартылмақшы   болған, бірақ
Изображение 2 943

КХП-ның Қостанай облыстық комитетінің төрағасы А.Әлімбаев

істің ақыры сиырқұйымшақтанып кеткенге ұқсайды. Бұл туралы басқосуға арнайы келген осы ауданның тұрғыны Сергей Тризно айтып берді.
– 2009 жылы ауданда су тартылады дегенде төбеміз көкке жеткендей болып еді. Сол кездегі облыс әкімі С.Кулагин мамыр айында ауданымызға келгенде қараша айында су тартылады деп уәде берген болатын. Міне, содан бері "су тартамыз" деп жерді қазып жатқандарына бес жыл болды, біресе "гидранттарды қоюды ұмытып кетіппіз" десе, біресе "құбырлар жарылды" деп, әйтеуір бір бітпейтін сылтау. Соған қарағанда бұл қазу жұмыстары әзірге бітпейтін тәрізді. Су тартылады деген соң бәріміз шығындалып оған қажетті жабдықтарды да сатып алған едік. Ал, сапалы ауыз су әлі тартылған жоқ – дейді аудан тұрғыны С.Тризно.
Облыстық тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің бөлім басшысы Владимир Колодконың айтуынша, ауыз судың сапасы төмендеп кеткен өңірлер де жоқ емес. Соның ішінде Алтынсарин мен Жітіқара аудандарын айтуға болады. Мамандар бұл судың күні-түні  берілмейтіндігімен байланысты деп отыр. Себебі, белгілі бір режиммен ғана берілген судың сапасы өзгеріп, оның соңы түрлі жұқпалы ауруларға да алып келуі мүмкін көрінеді. Сондай-ақ, мамандар бағдарламаны уақытында пайдаланып қалуымыз қажет дегенді де алға тартты.
Изображение 2 929

В. Колодко

– Жиырмасыншы жылға дейін бұл бағдарламаның мүмкіндігін пайдаланып қалғанымыз жөн. Неғұрлым жылдам әрекет етсек, соғұрлым жақсы нәтижеге де қол жеткіземіз. Бұл ретте, әңгіменің төркіні уақыт үнемдеу мәселесіне келіп тіреледі. Созбаққа салудың керегі жоқ. Биыл жерді қазып қойсақ, келер жылы құбырларды орнату жұмыстары ғана қалады. Бұл дегеніміз, бағдарламаның уақытылы орындалуына да біршама қарқын берері сөзсіз. Әрине, сапалы ауыз сусыз ауылда күн көру қиын. Біріншіден, санитарлық талаптар орындалмайды, екіншіден елді мекендердегі тұрмыстың тұралап қалатындығы айтпаса да белгілі. Сол себепті ертеңнің еншісіндегі қызметке қазірден кірісу керек, – дейді В.Колодко.
Соңғы кезде өңірде су құбырларының апаттары да жиілеп кеткен. Мәселен, өткен жылы 530 жағдай тіркелсе, үстіміздегі жылғы көрсеткіш бұдан да жоғары көрінеді. Тек, облыс орталығының өзінде 457 жағдай орын алған.
Дөңгелек үстелге жиналғандар бағдарлама арқылы қаншама қомақты қаражаттың  бөлініп жатқандығын, дегенмен оның орындалуына байланысты проб-лемалардың да аз еместігін, бірақ осының бәрі мемлекеттік органдар тарапынан бақылаудың дұрыс болмағандығынан деген қорытындыға келді.
Қарлығаш
   ОСПАНОВА
Суреттерді түсірген Айбек ЖҮЗБАЙ.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓