Жұмыспен қамтылды

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың  халыққа арнаған Жолдауында берген тапсырмасына сәйкес «Нұр Отан» партиясы мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа тұрғызу мен өмір сапаларын жақсарту мақсатында жемісті жұмыс жүргізуде.  
 
Сәуле КалымоваЯғни, сол үшін қазіргі таңда «Нұр Отан» партиясы «Кедергісіз келешек» жобасын іске асыруда. Оның аясында өңірде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған  бос орын  жәрмеңкесі ұйымдастырылып, нәтижесінде мүгедек жандар біртіңдеп жұмысқа орналасуда.  Солардың бірі – III топтағы мүгедек  Сәуле Калымова.
Жалпы, Сәуле – М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің есеп және аудит мамандығын сырттай бітірген. Бүгінгі таңда «Сарыкөл ауданы әкімдігінің Жұмыспен қамту орталығы» КММ-нің штаттан тыс қызметкері. Бұл мекемеде жарты ставкамен іс жүргізуші болып жұмыс істеп жатқанына 6 айдың жүзі болып қалды.  
-Менің айтарым, мен секілді жандар біреуге масыл болдым, не болмаса өз отбасымның мойнында отырмын деуден арылып, қайта күш-қайраттарын жани түсулері тиіс. Әрине, маған жұмыс табу оңай болған жоқ. Сонда да талпындым, іздендім. Жұмыспен қамту орталығына келіп, директор Сания Раисоваға жұмысқа орналасу жөніндегі өтінішімді айттым. Ол маған жарты ставкамен іс жүргізуші жұмысын ұсынды. Міне, содан бері осында істеп жатырмын. Мен жұмыс тапқаныма, өз еңбек жолымды қазіргідей ұжымнан бастағаныма өте қуаныштымын», — дейді Сәуле Калымова.
Мінеки, «Нұр Отан» партиясының «Кедергісіз келешек» атты жобасы Сәуле секілді жандардың өмір сапасын жақсартуға,  яғни, тұрақты жұмысқа орналастырып, кедергісіз орта қалыптастырып, олардың  құқықтарын тиімді жүзеге асыру әрі құқықтық мүмкіндікті  өрістету үшін басты бағдар.   
 
Руслан Әлкей
Сарыкөл ауданы

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓