Техникалық кадрлар даярлауға атсалысамыз

Осы орайда, «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК Қостанай облыстық филиалы жол саласы мамандығына жастардың бетбұрыс жасау үшін кездесулер өткізіп жүргенін айта кеткім келеді.
«Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК Қостанай облыстық филиалының қызметкерлері екі жыл бұрын «1000 мектеп» акциясын қолға алған еді. Осының нәтижесінде қазіргі таңда республика бойынша 7391 мектептің 2542-сі қамтылды. Сондай-ақ, онлайн-режимде бірден 600 оқушымен кездесу өтті. Қостанай облысында өткен жылы 93 мектеп қамтылды. Оған қоса, мекемеде 2020-2021 ж.ж. бірнеше ақылы тәжірибеден өтті. Оның ішінде мамандық иесі атанып, маусымдық жұмысқа қабылданғандары да бар. Президент тапсырмасы аясында жұмысты жандандыра бермекпіз.
Абылайхан Алшынбаев,
«Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК
Қостанай облысытық филиалының директоры