Экспорт көлемі өсті

Машина жасау – Қостанай облысының экономикалық өсімінің драйвері. Елордадағы брифингте Архимед Мұхамбетов осылай деді.
Осы жылдың қаңтар айынан бастап облыста 20,8% өсіммен 363,7 млрд. теңгеге техникалар құрастырылған. Машина жасау үлесі өңірдегі өңдеу өнеркәсібінің жалпы көлемінің 41,5%-ін құрайды.
 
– «СарыарқаАвтоПром» ЖШС базасында өндірілетін 4 бренд қазақстанда ең көп сатылатын маркалар бойынша бесінші орында. Автоөнеркәсіп 2021 жылдың наурыз айынан бастап «KIА» маркалы автомобильдерді құрастыра бастады және осы жұмыс істеген кезеңде 7 863 көлік  шығарылған. Биылғы шілде айында «АвтоВаз» және «Renault Россия» компанияларымен бірлесіп «LADA» автомобильдік желісінің және «Renault» автомобильдерінің өндірісі жолға қойылды. Бұдан өзге, кәсіпорын шағын тораптық әдіспен (CKD) автомобильдер өндірісі жобаларын ұлғайтуды жоспарлап отыр. Атап айтсақ, «Kia Sportage» (8,4 млрд.теңге), Lada Granta (4,6 млрд. теңге) және «Chevrolet Nexia» (11,8 млрд. теңге) шығару жоспарлануда, — деді Архимед Мұхамбетов.

Айта кетейік, былтыр «СарыарқаАвтоПром» ЖШС конвейерінен барлығы 44115 көлік құрастырылып, оның 6 мыңнан астамы экспортқа шығарылды.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓