Өнеркәсіптік жобалар пулы құрылды

Қостанай облысының әлеуметтік-экономикалық саласында биыл жетістіктер аз емес. Өнеркәсіп өндірісінде өсім бар. Биыл аймақта үдемелі индустриалды- инновациялық даму бағдарламасы аясында бірнеше жоба жүзеге асырылуда. Соның арқасында жұмыссыздық көрсеткіші азайған. Бұл туралы елордада Орталық коммуникациялар қызметінде баспасөз мәслихатын өткізген өңір басшысы Архимед Мұхамбетов мәлімдеді. Жиында экономикалық маңызға ие мемлекеттік бағдарламалардың орындалу қарқыны да айтылды.
«Қостанай облысында негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер оң динамикаға ие. Өнеркәсіпте өсім 8,1%, құрылыста – 6%, тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша 25,5%-ға қамтамасыз етілді, негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 11,0%-ға артты», — деді аймақ әкімі.  
Архимед Мұхамбетов өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, мемлекеттік, салалық бағдарламалардың жүзеге асырылуы туралы кеңінен тоқталды. Аймақта алда тұрған салалардың бірі – өнеркәсіп. Жыл басынан бері өнеркәсіп кәсіпорындары 1 870,2 млрд теңгенің өнімін өндірді.
«Индустрияландыру жылдарында инвестициялық жобаларды жүзеге  асырған кәсіпорындар айтарлықтай өсімді қамтамасыз етті. Мәселен, машина жасау (17,7%-ға), металлургия (20,2%-ға), металл емес өнім (35,6%-ға) және тамақ өнімдері (1,3%-ға) өндірісінің ұлғаюы есебінен өңдеуші өнеркәсіп 13,5% -ға өсімді көрсетуде. Қостанай облысында өнеркәсіп саласындағы жобалар пулы құрылды. Оған инвестиция көлемі 2 трлн. теңге болатын 80 жоба енді. Бұл ретте, өңірде 6 мыңға жуық жаңа жұмыс орны пайда болмақ. Пул жобаларын жүзеге асыру өңірдің өңдеу өнеркәсібі көлемінің айтарлықтай өсуіне ықпал ететін болады», — деп түсіндірді Архимед Бегежанұлы.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓