Өңір өз өнімін тұтынып отыр

Облыс халқының азық-түлік өнімдерінің негізгі тобына қажеттілігі, ұлттық нормаларға сәйкес, өңірдің өзіндік өндірісі есебінен қамтамасыз етіледі. Бұл туралы аймақ басшысы брифингте айтты."Өнім тапшылығының туындауына жол бермеу және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өңірде 210 қайта өңдеу кәсіпорны жұмыс істейді. Олардың 9-ы сүт өндіру, 25-і ет өндіру, 2-і тері мен жүнді қайта өңдеу бағытында, 45-і диірмен, 3-і жарма өндіру цехы, 8-і өсімдік майын өндіретін цех, 6-ы макарон цехы, 112-сі – наубайхана", — деді А.Мұхамбетов
Аймақ басшысының айтуынша, Қостанай облысы ұн өндірісі бойынша ел көлемінде бірінші орында, сары май, сүт және қоюландырылған кілегей өндірісі бойынша екінші, йогурт, жарма өндірісі бойынша үшінші орында.
Мұның сыртында, облыс әкімі әлемдік пандемияға қарамастан Қостанай олысында шағын және орта бизнес қартынды дамып жатқанын мәлімдеді.
"Осы жылы өңірде жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің саны 5,4%-ға, өнім өндірісі 20,6% — ға ұлғайды, бұл осы жылдың 6 айының қорытындысы бойынша ЖӨӨ-дегі ШОБ үлесін 27,1% — ға (6 ай) жеткізуге мүмкіндік берді.
Бүгінгі таңда облыста 54,5 мың ШОБ субъектісі жұмыс істейді. Оларда шамамен 159,0 мың адам жұмыс істейді.
Кәсіпкерлерді қолдау үшін бизнесті қолдаудың мемлекеттік және өңірлік бағдарламалары белсенді іске асырылуда. Оларды жүзеге асыруға 10 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді, 2 261 бизнес-жоба қолдау тапты", — деп тәптіштеді А.Мұхамбетов.
"Бизнестің жол картасы", "Жұмыспен қамту жол картасы", "Еңбек" бағдарламаларын іске асыру басталғаннан бері, яғни 2010 жылдан бастап 5 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары құрылып, шамамен 30 мың жұмыс орны сақталып қалған.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓