Тұңғыш Президент күніне арналды

ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай, Жастар сарайында Халықаралық дирижерлар форумының қорытынды концерті өтті.
Қостанайда төртінші рет ұйымдастырылған іс-шараға Қазақстанның және көршілес елдердің танымал өнер майталмандары қатысты.
Гала-концертте Қазақстан композиторларының туындылары, Елбасының сөзіне жазылған «Город мой», «Сарыарқа» әндері шырқалды. Сонымен қатар, әлем классикасының өкілдері Штраустың, Вердидің және Бизенің шығармалары орындалды.
Кешті қалың көпшілікпен бірге облыс әкімі Архимед Мұхамбетов те тамашалады.
«Е.Өмірзақов атындағы филармония жанынан құрылған Назымбек Молдахметов атындағы қазақ халық аспаптары оркестрі мен камералық оркестрі барлық шығарманы жоғары деңгейде орындады. Дирижерлер форумының музыканттарға, бізге берері мол. Бір-бірімізге араласып, тәжірибе алмасамыз. Жақсы іс жалғасты болсын», — деді Өзбекстанның халық әртісі Фарук Садықов.
Суреттерді түсірген Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓