«Жарқын болашақ – жан саулығы»

Міне, биыл Тәуелсіздікке 30 жыл. Бұл – жанамын дейтін талай жүрекке от беретін жыл. Жастар саясатын оңтайландыру бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отырғаны белгілі. Осыған орай еліміздің түкпір-түкпірінде жастар орталықтары ашылуда. Бүгінгі таңда осындай белсенді жастардың бірігуімен құрылған ұйымдардың бірі — «Жалын» Жангелдин аудандық Жастар ұйымы»  қоғамдық бірлестігі. Ұйымның кезекті бастамаларының бірі «Психологиялық көмек көрсету» бағдарламасы аясындағы «Жарқын болашақ – жан саулығы» жобасының қорытынды кеші өтті. Жоба жайында бірлестік төрағасы Мейрамбек Айбекұлымен сұқбаттасқан болатынбыз.


Қайырлы күн! «Жалын» Жангелдин аудандық Жастар ұйымы»  қоғамдық бірлестігінің мақсаты қандай?
-Біз жастардың азаматтық бастамаларын, рухани-адамгершілік, зияткерлік, шығармашылық және дене күш-қуатының әлеуетін дамыту жолында жұмыс істеп жатырмыз. Біз жастарға психологиялық көмек те бере аламыз, жұмыс табуына мұрындық боламыз, жаңашыл идеялары мен жобалары болса, оны ары қарай дамытып әкетуіне жол сілтейміз. Соның ішінде қаланың шеткі аудандарында тұратын ауыл жастарын, маргинал жастарды қолдау жолында жоспарлы түрде жұмыс істеп келеміз. Жастар туралы мәліметтерімізді үнемі жаңартып отырамыз. Жалпы, біздің орталық жастардың қоғамнан тысқары қалмай, керісінше етене араласуын қамтамасыз етіп отырады.
Қазіргі таңда қандай бағыттарда жұмыстар атқарасыздар?
-Ел игілігі үшін бастау алған жастар бастамаларын, әлеуметтік мәні бар жобаларды және бағдарламаларды қолдау және дамыту, жастардың проблемаларын шешуде, олардың мүдделерін қорғаудың жағдайларын және механизмдерін жасауға бағытталған аймақтағы жастардың күш-қуатын және әлеуетін біріктіру бағыттарында жұмыстар атқарылуда.
«Жарқын болашақ – жан саулығы» жобасы жайлы айта өтсеңіз?
-Жалпы жоба «Қостанай облысы әкімдігінің Жангелдин ауданының білім бөлімі» ММ-нің мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жобасының шеңберінде, аймақта жасөспірімдер арасында аутодеструктивті мінез-құлық әрекетінің алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстар сапасын көтеру, педагог-психологтар, әлеуметтік педагогтер,тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларын оқытуды ұйымдастыруға бағытталған. «Психологиялық көмек көрсету» бағдарламасы аясындағы бастама эмоциялық қиындықтардың алдын алу, өз-өзіне қол жұмсау жағдайларын болдырмау, қиын өмірлік жағдайдағы оқушыларға эмпатияны қалыптастыруды ынталандыру, оң көзқарасты сақтау арқылы оқушылардың қиын өмірлік жағдайларға төзімділігін қалыптастыруға жәрдемдесу және педагог-психологтарға, мұғалімдер мен оқушыларға профилактикалық шаралар ұйымдастыра отырып, жасөспірімдердің азаматтық белсенділігін дамыту, суицидтік мінез-құлық туралы сауаттылықтарын арттыру, өмірге деген құлшынысын арттыру мақсатында іске асырылуда.
Жобаның алғашқы кезеңі бойынша қандай іс-шаралар атқарылды?
— Жобаның іске асыруға арналған барлық кезеңдері туралы қоғамдық тыңдау 18-ші қараша «Н.Ахметбеков атындағы мәдениет үйі» ММ-сіндег БАҚ өкілдері, педагог-психологтар, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілер,әлеуметтік педагогтер, ата-аналардың қатысумен өтті. Алғашқы шарадың бірі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының Қостанай облыстық өкілдігінің әдіскер, педагог-психолог маманы Молдашева Арайлым Бахытқызының бастамасымен білім беру ұйымдарының педагог-психологтары, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен әлеуметтік педагогтері және сынып жетекшілері арасында аудандық «Жасөспірімдер ортасында психобелсенді заттарды қолданудың алдын алу» атты семинар-практикумы, «Қостанай облысы әкімдігі Жангелдин ауданының білім бөлімі» ММ-сі «Ш. Уәлиханов атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ психолог маманы Иманғалиева Зарина Болатқызының ұйымдастырумен өткен білім беру ұйымдарының 9-10-11 сынып оқушылары арасында аудандық «Жарқын болашақ!» атты тренинг жұмыстары. Сонымен қатар, аудандық «Қауіпсіз интернет» интернетке тәуелділіктің алдын – алу оқыту семинары, «Жасөспірімдердің денсаулығы мен өмірлік дағдыларын қалыптастыру және аутодеструктивті мінез-құлықтың,зорлық -зомбылықтың алдын алу» оқыту семинары, «Жасөспірімдер әлеміндегі кибербуллинг» тақырыбында семинарллар өткізілді.
Жобаға қатысушылардың пікірі қалай?
-«Психологиялық көмек көрсету» бағдарламасы аясында «Жарқын болашақ – жан саулығы» жобасының қорытындысы бойынша қатысушылар сәтті аяқтады. Аудан тұрғындарының белсенді қатысуына қарап, кезекті бастаманың қоғамға қажетті екенін байқадық.Семинар барысында жобаға қатысушыларына арнайы сертификаттар табыс етілді. Іс-шаралардың сапалы ұйымдастырылуы, жоғарыда аталған санаттағы мұғалімдер мен оқушылардың белсенділігін арттыру,  жобаның мақсатына жетуі сынды міндеттер орындалды. Алдағы уақыттарда – аймақтық, патриоттық, қайырымдылық акцияларына және концерттерге қатысу барысы назарда болмақ.
-Сұқбатыңызға рахмет! Алдағы жоспарларыңызға сәттілік тілейміз!

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓