Теңдесі жоқ жоба

«Агро-Холдинг Зерновая индустрия» ЖШС базасындағы «Терра» серіктестігі – 20 мың басы бар Қазақстандағы ең ірі мал бордақылайтын алаң. Серіктестіктегі ет өндірісі 28,4%-ға өсіп, 13 мың тоннаны құрады. Өңірлік коммуникация қызметінде өткен брифингте «Агро-Холдинг Зерновая индустрия» ЖШС бас директоры Ердос Тапаев алдағы жоспары жайында айтып берді. 
— Мал шаруашылығы саласында оң өзгерістер көп. Төлдің барлық түрінің саны өсті, өндірістік сектор нығайтылды. Айта кету керек, биыл облыс әкімінің қатысуымен «Терра» ЖШС бордақылау алаңының базасында Қостанай облысының Индустрияландыру картасына енген жаңа ет өңдеу комбинаты салтанатты түрде іске қосылды. Инвестициялық жобаның құны 400 млн теңгені құрайды. 30 жұмыс орны құрылды. Қуаты жылына 15 мың, бір ауысым кезінде 64 бас. Ет комбинатының сою цехына заманауи жабдықтар сатып алынды. Алдағы уақытта тағы 700 млн теңге инвестициялау жоспарланып отыр. Бұл KazakhExport компаниясының демеушілігімен және «Халық банкі» АҚ-мен бірлесіп жүзеге асырылмақ. Егер бұл жоба іске асса, жұмысшы санын 100 адамға дейін көбейтіп, жылдық өндіріс көлемін 6 млрд теңгеге жеткізуді көздеп отырмыз. 2023 жылы ет бұқтыру цехын ашу, одан кейін ет деликатесін өндіру жоспарда бар, — деді Е.Тапаев. 
Серіктестік сонымен қатар, Қарабалық ауданында Еділбай асыл тұқымды қойын өсіруді қолға алмақшы. Бүгінгі күні 3600 бас шопан ата төлі сатып алынған. 2023-2024 жылдары асыл тұқымды қой санын 10 мыңға дейін жеткізбек.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓