«КАМАЗ» ЖАҚ делегациясы Қостанайда

 Қостанай облысына компанияның бас директоры Сергей Анатольевич Когогин бастаған "КАМАЗ" ЖАҚ делегациясы келді. Құрметті қонақтарды облыс әкімі Архимед Мұхамбетов қарсы алды.

Сапар бағдарламасының басында делегация индустриялық аймақтың аумағындағы құрылыс алаңында болып, онда автоқұрамдауыштарды шығаратын екі зауыттың құрылыс барысымен танысты.

Бүгінгі күні Қостанай қаласының индустриялық аймағының аумағында "КАМАЗ" ЖАҚ-мен бірлесіп шойын құю зауытының, сондай-ақ жүк техникасына арналған жетекші көпірлердің басты берілістерін өндіретін зауыттың құрылысы жүргізілуде. Жобалардың жалпы құны 160 млрд.теңгеден астам, сондай-ақ 700-ге жуық жұмыс орны ашылады. Одан әрі қонақтар Қостанай "КАМАЗ" автоорталығының аумағында "AUTOCARGO KZ" Қостанай көлік компаниясының "КАМАЗ" ЖАҚ-тың алғашқы жүк автомобильдерін тапсыру рәсіміне қатысты. "AUTOCARGOKZ" ЖШС көліктік-логистикалық қызметтерді көрсету мақсатында, оның ішінде индустриялық аймақтың болашақ зауыттарынан, сондай-ақ облыстың машина жасау кәсіпорындарынан дайын өнімді тасымалдау үшін құрылды. 2022 жылға қарай компанияның автопаркінде 250 бірлік техника, 2025 жылға қарай "AUTOCARGO KZ" иелігінде 1500 жүк көлігі болады деп жоспарлануда. Бұл біздің облыста машина жасаудың белсенді дамуына байланысты өте өзекті және қажет бастама. Сондай-ақ, сапар барысында делегация болашақ мамандарды дайындайтын "КАМАЗ" компаниясының серіктесі болып табылатын А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінде болды. Қонақтарға арнайы макетте барлық ғимараттар мен зертханаларды ескере отырып, университеттің әлеуеті таныстырылды. Одан әрі "Agro-skills" зертханасына барып, онда "КАМАЗ" басшылығына "Олжа Агро" және "Жас Қанат 2006" сияқты облыстың кәсіпорындарымен университеттің өзара әрекеттесу қағидаттары көрсетілді. Қонақтар қолданбалы биотехнология зертханасына барып, студенттерге дәріс оқыды. Университеттегі экскурсия студенттермен кездесумен арқылы аяқталды. "КАМАЗ" компаниясының бас директоры Когогин С.А. студенттерге кәсіпорынның мақсаттары мен принциптері, индустриялық аймақ зауыттарының жоспарлары, сондай-ақ Ресей Федерациясындағы әріптестерімен бірлесіп оқыту туралы айтып берді.

Айта кетейік, А.Байтұрсынов Қостанай Өңірлік университеті Қазан федералды университетімен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды, оның аясында біздің студенттеріміз "қос" диплом алуға мүмкіндігі бар. Жазғы кезеңде қостанайлық студенттер Ресейден "КАМАЗ" ЖАҚ зауытында тәжірибеден өткені туралы сертификаттармен оралды. 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓