Тәуелсіздік – басты біріктіруші құндылық

Бүгін партия Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев пен Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қатысуымен «Nur Otan» партиясының Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысына қатыстым.
30 жыл ішінде Қазақстан тәуелсіз, табысты, әлемдік қоғамдастық мойындаған мемлекет ретінде қалыптасты.
Жүргізіліп жатқан жұмыстың басты міндеті – Тәуелсіздік біздің басты біріктіруші құндылығымыз болды, болып отыр және солай бола бермек.
Елбасы айтқандай, «Елдіктің жеті тұғыры» – бұл саяси-философиялық пайымдау және саяси практиканы қорыту. Онда әлемдік озық тәжірибе мен халқымыздың ұлттық тарихи-мәдени дәстүрлері ескерілген. Бұл – Тәуелсіздіктің мызғымас құндылықтарын көрсететін іргелі құжат. Ұлт көшбасшысы егемен Қазақстанның болашақ ұрпақтарына қуатты және абсолютті оқылатын көшбасшылық формуласын беретін қағидаттар жиынтығын ұсынады.
Сондықтан, осындай ұлттық мүддені қорғау мен оған берілгендік қазақстандық патриотизмнің жасампаз күші ғана емес, сондай-ақ басты мемлекеттік басымдықтар, әрбір қазақстандықтың борышы мен міндеті.
Өңірлік мысалдарда еліміздің нақты табыстарының маңыздылығын және Елбасының тарихи миссиясын, партияның жауапты саяси күш ретіндегі рөлін көрсету қажет.
Архимед Мұхамбетов,
Қостанай облысының әкімі 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓