Министр: Pfіzer-дің кері әсері байқалмады

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елде Pfіzer вакцинасын алып жатқан жүкті әйелдер, емізулі баласы бар аналар мен жасөспірімдердің жағдайы туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Елімізде эпиджағдай тұрақты. Біз ахуалдың одан әрі жақсарғанын қалаймыз. Дегенмен коронавирустың әлі толық сейілмегенін ұмытпаған жөн. Еуропада не болып жатқанын көріп отырсыздар, локдаун жариялап жатыр. Бұл көршіміз Ресейге де қатысты, сондықтан біз сақтық шараларын күшейте түсуіміз керек. Қазіргі біздің мақсат – вакцина алу қарқынын жетелдету. Процесс жақсы жүріп жатыр, ұжымдық иммунитет қалыптасып келеді», — деді А. Цой Үкімет үйінде тілшілердің сұрағына жауап бере отыра.
Сондай-ақ министр еліміздегі Pfіzer вакцинасын егу жағдайы мен оның бағасына қатысты пікір білдірді.
«Ақылы түрде Pfіzer вакцинасын аламын деушілерге, баға жуырда белгілі болады. Жалпы, қазіргі таңда Pfіzer екпесін алу қарқыны жоспарға сай жүріп жатыр. Жүкті әйелдер, емізулі баласы бар аналар мен балалар вакцинаны жеңіл көтеруде. Әзірге кері әсері байқалмады», — дейді ол.

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓