Әуежай жаңа кейіпке енеді

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов Қостанай қаласындағы Халықаралық әуежай ғимаратын реконструкциялау барысын тексерді. Бұл туралы Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Қазіргі уақытта нысанда болашақ медициналық пунктің үй-жайындағы бөлшектеу жұмыстары аяқталуға жақын. Сонымен қатар, ішкі жылу жүйесін монтаждау, күту залының еденін төсеу, қабырғалар мен төбелерді гипсокартонмен қаптау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Сонымен қатар, ғимаратты сумен жабдықтау және кәріз, желдету жүйелерін, электрмен қамту және сумен жабдықтау жүйесі орнатылу үстінде.
Нысанды сыртқы жылумен және сумен жабдықтау желілері де жаңартылды.
Негізгі жұмыстарды осы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Келесі жылы іргелес аумақты абаттандыру жұмыстары аяқталады.
Өңір басшысы мемлекеттік органдарға әуежай қызметін қалпына келтіруге қажетті көмек көрсетуді тапсырды.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓