Аудан ахуалы тұрақты

Жангелдин ауданының әкімі Шота Оспанов Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында БАҚ өкілдерімен баспасөз мәслихатын өткізді. Брифинг аясында ауданның әлеуметтік -экнонмикалық дамуының 10 айдағы қорытындысын жариялады.
Қазір ауданда 11 747 адам тұрады. Солардың ішінде экономикалық белсенді халық саны 6 мыңнан асады. Шалғай аудандағы өзектілігін жоймаған мәселе – халықты жұмыспен қамту жылма-жыл оңды шешімін тауып келеді. Қазіргі таңда ауданда 511 бизнес субъекті бар. Олар ұзын саны 756 адамды  жұмыспен қамтып отыр. Бұл аудан халқының экономикалық белсенді үлесінің 11,6%-на тең.
— Мемлекет басшысы айтқандай, қазіргідей қиын кезеңде бәріміздің алдымызда тұрған басты міндет – әуеуметтік-экономикалық тұрақтылықты сақтап қалу, халықты жұмыспен қамтуға күш жұмылдыру. Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021жылдарға арналған "Еңбек" бағдарламасы аясында тұрғындарды кәсіптік оқумен қамтуға көңіл бөлінді. Нақтылай айтқанда, осы жылы 2 млн 234 мың теңге игеріліп, 8 адам тапшы мамандықтар бойынша оқытудан өтті", — дейді аудан әкімі.
Оның айтуынша, бағдарламаның екінші бағыты бойынша, "Бастау Бизнес" жобасымен Кәсіпкерлер палатасында 40 адам оқытудан өткен. Ауылдық 40 тұрғынға жаңа бизнес идеяларын жүзеге асыруға жалпы сомасы 23 млн 336 мың теңге болатын қайтарымсыз қаражат бөлінген.
Жалпы алғанда, Жангелдин ауданы бойынша 505 адам жұмыспен қамтылды. Осы жылғы жоспар бойынша тұрғындарды жұмысқа орналастыру 100% орындалған.
"Осылайша отбасының кедейлік шегінен шығып, бұрынғыдай атаулы көмекке сеніп отыра бермей, белсенді жұмыс істеуге ынталандыру жұмыстары ойдағыдай жүзеге асты. Кедейшілік шегінен төмен тұрған азаматтар саны 1,9%-ға кеміді",- деді Ш. Оспанов.
Сондай-ақ, аудан әкімі есепті кезеңде 1 млрд 645 млн теңге инвестиция тартылғанын айтты. Бұл соманың 25%-ы шаруашылықтар мен азаматтардың үлесіне келеді.Жалпы сомасы 237 млн теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндірілген. Тұрғындардың өз қаражаты есебінен 956 шаршы метр тұрғын ұй пайдалануға берілді. Қазақстанның оңтүстік өңірлерінен 29 адам қоныс аударып, оларға тиісті жәрдем жасалған.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓