Ет комбинаты ашылды

Аймақ басшысы Архимед Мұхамбетов Қарабалық ауданында ет өңдеу комбинатының ашылуына қатысты.

"Терра" ЖШС ет өңдеу комбинаты етті мал шаруашылығын, экспорттық әлеуетті, ауыл шаруашылығы кәсіпорындары мен жеке қосалқы шаруашылықтардың әлеуетін ескере отырып, кооперацияны дамыту шеңберінде іске асырылды.

 

 Осы жылы қысқа мерзім ішінде заманауи технологиялар талаптары бойынша қуаттылығы ауысымына 64 бас ІҚМ/жылқы (жылына 20 мың бас) болатын ІҚМ мен жылқыларды сою пункті енгізіледі, жобаның құны өз қаражаты есебінен 900 млн.теңгені құрайды, өндірісті кеңейтуді ескере отырып, шамамен 100 адам жұмысқа орналастырылады. Мал сою пункті шетелдік жабдықтармен жарақтандырылған (Италия, Германия, РФ өндірген).

Бұл жоба сумен жабдықтау және газбен жабдықтау инфрақұрылымы объектілерін тарту бойынша облыстың индустрияландырудың Жол картасына енгізілген. Алдағы уақытта сиыр еті мен басқа да өнімдерді терең өңдеуді дамыту, ет консервілері, шұжық өнімдері, ет деликатестерін өндіру жоспарланып отыр.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓