Меңдіқара ауданында – жаңа әкім

Бүгін Меңдіқара ауданы мәслихаты депутаттарының келісімімен және облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтің өкімімен Меңдіқара ауданына жаңа әкім тағайындалды. Ол – Ғабит Мәжитұлы Бекбаев.
Ғабит Мәжитұлы бұған дейін Меңдіқара ауданы әкімінің орынбасары лауазымында болған. 
Ғабит Бекбаев Меңдіқара ауданының Боровской ауылында туған. Қостанай ауыл шаруашылығы институтының түлегі. Жоғары білімі бар. Аймақ басшысы ауданның жаңа әкіміне өңірдегі әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жұмыстарды жалғастыруды тапсырды.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓