Тобыл төсінде – ақындар аламаны

Қостанай қаласында 29-30 қазан күндері Е.Өмірзақов атындағы "Жастар сарайы" ғимаратында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына арналған «Тәуелсіздік, елімнің тұмарысың!» атты республикалық айтыс өтеді. 
Облыстық Мәдениет басқармасы ұйымдастырып отырған ақындар аламанына елге есімдері белгілі айтыскерлер қатысады. Атап айтқанда, Тобыл-Торғай өңірінен Салтанат Өтелбаева, Тоба Өтепбаев, Батырлан Сағынтаев, Айбар Рағатов секілді жыр жүйріктері сынға түссе, елдің әр түкпірінен  Рүстем Қайыртайұлы (Алматы қаласы), Аспанбек Шұғатаев (Павлодар қаласы), Жансая Мусина (Орал қаласы), Мейірбек Сұлтанхан (Қызылорда қаласы), Жарқын Жұпархан (Петропавл қаласы), Нұрмат Мансұров (Алматы қаласы), Тілеген Әділов (Алматы қаласы), Қалижан Білдәшев (Қызылорда қаласы), Нұрлан Есенқұлов (Алматы қаласы), Шұғайып Сезімхан (Алматы қаласы) сынды аузымен құс тістеген дарынды ақындар келіп, Тобыл төсін дүбірге бөлемек. 
Айтысты Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, ақын, публицист және тележүргізуші Жүрсін Ерман жүргізеді, Ақындарға Қазақстанның халық ақыны Әсия Беркенова, ақын, публицист, ғалым Серікбай Оспанов, ақын, А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ профессоры Ақылбек Шаяхмет, әйгілі жыршы-жырау, фольклор зерттеуші Алмасбек Алматов, танымал айтыскер, журналист, ҚЖО мүшесі Бауыржан Халиолла қазылық жасайды.
Айта кетейік, айтыс 29 қазан күні сағат 16:00-де, ал 30 қазанда сағат 11:00-де басталады.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓