Әулиекөлдік суретші жеңімпаз

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі  ағымдағы жылы тұңғыш рет ерекше қажеттілігі бар талантты жандардың шығармашылық мүмкіндіктерін дамытып, кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында, сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар адамдармен жұмыс жасайтын мәдениет ұйымдары мен үкіметтік емес ұйымдарға қолдау көрсету үшін “Ónerpaz bolsań” республикалық байқауын жариялаған болатын. Байқау барысында аталған ұйымдар 17 номинация бойынша бақ сынап, қазылар алқасының қарауына 15 өңірден 126 өтінім келіп түскен. Соның ішінде 84-і мәдениет ұйымдары мен үкіметтік емес ұйымдардан, қалған 42-і шығармашылық адамдары мен мәдениет ұйымдары қызметкерлерінен.
22 қазан күні Нұр-Сұлтанда өткен фестивальде аталмыш байқаудың жеңімпаздары марапатталған болатын. “Алтын палитра” номинациясы бойынша жеңімпаз атанған әулиекөлдік Денис Холоша да бар. 
Әулиекөл аудандық кітапханасының суретшісі пейзаждар мен портреттер жанрында жұмыс істейді, іс-шаралардың, кітап көрмелерінің, стендтер мен экспозициялардың көрнекі безендірілуін қамтамасыз етеді.
–Алғаш рет ұйымдастырылған аталмыш жоба біздерге ерекше қуаныш пен шабыт сыйлады.  Өйткені, өмірде біз сияқты шығармашыл адамдар үшін ең бастысы шығармашылық әлеуетті жүзеге асырып, сүйікті жұмысыңды тауып, сыртқы әлеммен үйлесімді өмір сүру. Сондықтан, осы фестивальдің жеңімпаздары тек қана бойларына өнер дарыған өнерпаздар ғана емес, олар – ерекше жандар дер едім. Мен де бала күнімнен шығармашылыққа жақын болдым, графика техникасында жұмыс істей бастадым. Мен бұл байқауға негізінен портрет жанрындағы 10-ға жуық жұмыс жібердім. Республикалық байқаудағы жеңіс мен үшін күтпеген жағдай болды, жеңімпаз атанғаныма өте қуаныштымын. Бұл жоба талай дарынның жолын ашып, ерекше қабілеті бар жандарды өзгелермен теңестіріп, қоғамда өз орнын табуына үлкен септігін тигізеді дегенсенімдемін, — дейді Д.Холоша.
Денис марапатқа 500 мың теңгенің сертификатын алды. Жас суретші бұл қаражатты қайда жұмсау керектігін әлі шешкен жоқ, дегенмен шығармашылыққа жұмсайтынына сенімді.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓