Эпидахуал: 123 адамға көбейді

20 қазанда Қостанай облысында коронавирус 123 адамнан табылды.
Атап айтқанда: Қостанай қ. — 44, Рудный қ. – 12, Қостанай ауданында – 10, Жітіқара және Б.Майлин ауданында – 8, Денисов ауданында – 7, Лисаков қаласы, Әулиекөл және Қамысты аудандарында – 6, Арқалық қаласы және Қарасу аудандарында – 5, Алтынсарин ауданында – 4, Ұзынкөл ауданында – 2.
104 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде тексерілді, 19 адам коронавирус расталған науқастармен байланыста болған.
Індет жұқтырғандардың ішінде 114 адамда ауру белгілері болды, 9 адам – белгілерсіз.
Жалпы, Қостанай облысында 2020 жылғы 3 сәуір мен 2021 жылғы 20 қазан аралығында COVID-19-ды 35 509 адам жұқтырған. Емделіп шыққан адамдардың саны – 31 472.
Осы жылдың 1 ақпанынан бастап бірінші компонентпен 324 789 адам, екінші компонентпен 301 141 адам вакциналанды.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓