Жаңа аллея ашылды

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясындағы іс-шаралар аясында Жітіқара ауданында Тәуелсіздік аллеясы ашылды. Ол қаланың 6-шы шағын ауданында орналасқан.
Рәсімге аудан әкімі Н.Өтегенов қатысып, қалалықтарды құттықтап, елдің, облыстың, ауданның тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктерін сөз етті. Жітіқараның жылдан-жылға көркейіп келе жатқанын айтып, оған биылғы жазда спорт алаңдары, скейт-бақтар, көпбейінді хоккей корты және тағы басқа нысандардың халық игілігіне берілгенін айтты. "Қостанай минералдары" АҚ еңбек ардагері Н.Клочков та құттықтау лебізін жеткізді. Ашылу салтанаты жергілікті өнерпаздардың ән-күй шашуымен әрлене түсті. 
Аталған аллеяны салуға аудандық бюджеттен 12 млн теңге жұмсалған. Мұнда 12 орындық қойылып, 52 шамшырақ орнатылған, жалпы көлемі 640 шаршы метр болатын жер асфальтталған. Келер жылы гүл отырғызылады. Сондай-ақ, гүлзар ішіне тәуелсіздік тойынан ескерткіш ретінде тақталы тас орнатылды Іс-шара Тәуелсіздік мерекесіне арналған велошерумен жалғасты.
 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓