Күрделі жөндеуден өтті

Бүгін Амангелді ауданындағы Амангелді жалпы білім беретін мектебі күрделі жөндеуден кейін жаңа кейіпте есігін айқара ашты. Осыған орай салтанатты жиын өтті.
Мектепті жөндеуге «Ауыл –ел бесігі » жобасы аясында республикалық бюджеттен 331 млн.671мың теңге қаражат бөлінді. Бұл қаражатқа мектептің жылу жүйесі ауыстырылып, есік-терезелері ауыстырылып, төбелері шатырланды. Акт залы, «Саптық жүру» алаңы, жүгіру, баскетбол, футбол, волейбол алаңдары да күрделі жөндеуден өтті. Екі аусымда оқитын оқушылар үшін 20 оқу кабинеті талапқа сай жабдықталды.
Ашылу рәсімінде аудан әкімі Талғат Карбозов, «Алюминстрой» ЖШС директорының орынбасары Дархан Жәнібекұлы, кәсіпкер, аудандық мәслихаттың депутаты, Амангелді орта мектебінің қамқоршылық кеңесінің төрағасы Нұрлыбек Әлмағанбетов,  ардагер ұстаз Мейрамкүл Әлімғазина құттықтау сөз сөйледі. Олар мектептің тарихына тоқталып, мектеп түлектерінің қол жеткізген табыстарын айтты. Оқушылар қонақтарға өнерлерін тарту етті.
Аудан басшысы Талғат Карбозов мектепті жөндеудегі сапалы жұмысы үшін «Алюминстрой» ЖШС директор Абай Мұқановқа Алғыс хат табыстап, алғысын білдірді.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓