COVID-19: +103

18 қазанда Қостанай облысында коронавирус 103 адамнан табылды.
Атап айтқанда: Қостанай қ. — 36, Лисаков қ. – 9, Денисов ауданы – 8, Қостанай және Қарабалық аудандарында 7 – ден, Жітіқара қ. – 6, Рудный қаласы, Әулиекөл және Қамысты аудандарында – 5, Сарыкөл және  Б.Майлин аудандарында 4 – ден, Қарасу және Алтынсарин аудандарында – 3, Ұзынкөл ауданы – 1.
86 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде тексерілді, 14 адам коронавирустық инфекцияның нақтыланған жағдайлармен байланыста болған, 3 жағдай профилактикалық мақсатта ауруханаға жатқызу алдында тексерілді.
Індет жұқтырғандардың ішінде 94 адамда ауру белгілері болды, 9 адамға симптомсыз түрі тән.
Жалпы, Қостанай облысында 2020 жылғы 3 сәуір мен 2021 жылғы 18 қазан аралығында COVID-19-ды 35 269 адам жұқтырды. Емделіп шыққан адамдардың саны – 31 195.
Осы жылдың 1 ақпанынан бастап бірінші компонентпен 323 763 адам, екінші компонентпен 299 982 адам вакциналанды.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓