Қайтқан малда қайыр бар

Қостанайдың патрульдік полиция қызметкерлері ауыл тұрғынының ішіне миллион теңгесі сөмкесін қайтарып берді, деп хабарлайды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қостанай ауданына қарасты Алтын дала ауылының тұрғыны ақшалы сөмкесін облыс орталығында автобуста қалдырып кеткен.
«Бағдат Ахметов пен Медет Қойшығұлов 16 қазан күні сол ауданда қызметте болған. Қайырбеков-Қорған көшелерінің қиылысында «КАМАЗ» автокөлігінің жүргізушісі Кенжебек Кәдиев олардан көмек сұраған. Ер адам әйелінің хабарласып, ішінде ақша бар сөмкені автобуста қалдырып кеткенін айтып берген. Сөмкені қалдырып кеткенін әйел тек үйіне қайтар жолда ғана байқаған. Ол полицейлерге маршрут нөмірін айтты. Бірнеше минуттың ішінде полицейлер автобус жүргізушісін анықтап, соңғы аялдамаға дейін жеткен. Жүргізуші сөмкені ер адамға тапсырды», — деп түсіндірді ведомстводан.
Кенжебек Кәдиев тәртіп сақшыларына жылдам көрсетілген көмек үшін алғыс айтты.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓