COVID-19: +114

17 қазанда Қостанай облысында коронавирус 114 адамнан табылды.
Атап айтқанда: Қостанай қ. — 42, Рудный қ. – 13, Лисаков қ. – 10, Қостанай ауданы – 9, Б.Майлин ауданы – 9, Қарабалық ауданы – 6, Жітіқара қаласы және Қарасу ауданында – 5, Денисов ауданы – 4, Мендықара ауданы – 3, Әулиекөл, Қамысты, Науырзым және Ұзынкөл аудандарында – 2, Алтынсарин және Жангелдин аудандарында – 1.
97 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде тексерілді, 13 адам коронавирус расталған науқастармен байланыста болған күдіктілер ретінде, 4 адам профилактикалық мақсатта ауруханаға жатқызу алдында тексерілді.
Індет жұқтырғандардың ішінде 107 адамда ауру белгілері болды, 7 адамға симптомсыз түрі тән.
Жалпы, Қостанай облысында 2020 жылғы 3 сәуір мен 2021 жылғы 17 қазан аралығында COVID-19-дың 35 166 жағдайы тіркелді.
Емделіп шыққан адамдардың саны – 31 174.
Осы жылдың 1 ақпанынан бастап бірінші компонентпен 323 278 адам, екінші компонентпен 299 355 адам вакциналанды.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓