Қостанайдан астанаға

16-17 қазан күндері Нұр-Сұлтан қаласында Қостанай облысының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді. Екі күн ішінде облыстың 14 ауданы мен 3 қаласынан 50-ден астам кәсіпорын өз өнімдерін ұсынады. Атап айтқанда, Алтынсарин, Әулиекөл, Денисов, Жітіқара, Қарабалық, Қарасу, Қамысты, Қостанай, Меңдіқара, Наурызым, Сарыкөл, Таран, Федоров, Ұзынкөл аудандары және Арқалық, Рудный, Қостанай қалалары бар.
Кәсіпорындар 270 тонна көлемінде 100-ден астам өнім түрлерін: 50 тонна ет, 31 тонна сүт өнімдері, 20 тонна шұжық өнімдері мен жартылай фабрикаттар, 27 тонна жарма мен макарон өнімдері, 60 тонна картоп пен көкөніс, 20 тонна ұн өнімдерін алып келеді.
Баға нарықтық бағадан 10-15% төмен болады.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓