Бес мың мектеп жаңартылады

2025 жылға қарай шағын қалаларда, аудан орталықтарында және ауылдарда 5000 мектеп жаңғыртылады. Бұл туралы Үкімет отырысында «BILIMDI ŪLT» баршаға арналған сапалы білім» ұлттық жобасын таныстыру кезінде Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті.
Мектептерді жайлы, қауіпсіз және заманауи білім беру ортасымен қамтамасыз етуге тоқталсақ, оқушы орындарының тапшылығын жою үшін 2025 жылға қарай 1000 мектептің құрылысы жоспарлануда. Нәтижесінде, үш ауысымды мектептерді толығымен жою күтілуде. 2025 жылға қарай шағын қалаларда, аудан орталықтарында және ауылдарда 5000 мектеп жаңғыртылады. Оның аясында балаларға қауіпсіз және қолайлы жағдай жасау, жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету, мектеп жиһазын жаңарту, мектеп кітапханаларын және асханаларды жаңғырту, күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі»,- деді А.Аймағамбетов.
Оның айтуынша, мектептердің 90%-ы пәндік кабинеттермен және 100%-ы қауіпсіз кіру, күзет және бақылау жүйесімен қамтамасыз етіледі.
«Инклюзивті ортада балаларды психологиялық-педагогикалық қолдаумен қамтамасыз ету үшін ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған ұйымдардың жұмыс істеу нормативін 50 мың балаға бір осындай орталық есебінен жаңарту бойынша жұмыс жүргізілетін болады. Оның нәтижесінде мұндай 43 орталық ашылады. Бұдан басқа, ерекше балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық қолдауға мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын болады», — деді министр.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓