«Нелегал» шарасы басталды

Облыста «Нелегал» жедел алдын алу шарасы басталды. Негізгі мақсаты елдің көші-қон заңнамасын сақтау болып табылады.
Алғашқы күннің өзінде Рудный полицейлері мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту фактісін анықтады. Елден қуылған көрші елдің азаматы бес жылдық тыйымға қарамастан Қостанай облысының шекарасын заңсыз кесіп өткен. Шетелдікті сот шешімі бойынша 2016 және 2018 жылдары ҚР аумағында бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны үшін екі рет шекарадан шығарып жіберген. Бұл жолы ресейлік тағы да ел заңнамасын өрескел бұзып, Қарабалық ауданындағы шекарадан өтті. Рудный қаласында тәртіп бұзғаны үшін ұсталды.
Сондай-ақ, Рудный қаласы ПБ көші-қон қызметі бөлімі қоғамдық жерде өтіп бара жатқан азаматтарға киім сатып алуды ұсынып, әкімшілік құқық бұзған өзге ел азаматын анықтады. Шетелдік азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы «қоғамдық орындарда ұстау» бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, іс Рудный қаласы әкімшілік сотына жіберілді.
Облыста бірінші күні елде болу ережелерін бұзу үшін 37 шетелдік азамат, қабылдаушы тарап ережелерін бұзғаны үшін облыстың 32 тұрғыны жауапкершілікке тартылды.
   «Нелегал» жедел алдын алу шарасы 18 қазанға дейін жалғасады.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓