Қысқы киім үлгісіне көшті

Қостанайда облыстық Полиция департаментінің жеке құрамының қызмет өткеруге дайындығы бойынша дәстүрлі саптық байқауы өтті. Облыс ПД басшылығы рота мен патрульдік полиция батальонының тәртіп сақшыларының қысқы кезеңде қызмет атқаруға дайындығын тексерді.
Тексеру барысында облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Ардақ Ынтықбаев полицейлердің жеке куәлігін, жеке нөмірлері бар жетондар мен төс белгілерін тексеріп, тәртіп күзетінің сыртқы түрін нысанды киімнің сәйкестігін бағалады. Сондай-ақ, патрульдік полицияның қызметтік автокөліктерінің дайындығын тексерді.
-Бүгінде қызмет атқару үшін барлық жағдай жасалған, полиция  үшін әлеуметтік блок айтарлықтай жақсартылған. Бұл жемісті жұмыс пен қызметте ілгерілеудің кепілі болатынына сенімдімін. Азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау, қоғамдық тәртіпті сақтау, заңдылық пен тәртіпті сақтау – негізгі міндеттеріңіз, — деп атап өтті А.Ынтықбаев.
Саптық байқау кезінде тәртіп сақшыларының сыртқы түріне, жетондардың болуына және қызметтік куәліктердің қызметкердің атағы мен лауазымына сәйкестігіне ерекше назар алынды.
— Полиция қызметкерінің сыртқы келбеті бүкіл полицияның беделін көрсетеді. Сондықтан полицейлер тартылып, нысанды киім кию ережелерін сақтауы қажет. Барлық полицейлерге азаматтармен қарым-қатынас кезінде сыпайы және әдепті болу керек, — дейді Қостанай қаласы ПБ батальон командирі Ербол Мұхамеджанов.

 

           

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓