ХҚКО-лар жұмысында ақау шықты

Қазақстандағы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысында техникалық ақау туындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 29 қыркүйекте мамандандырылған ХҚКО-лар жұмысында техникалық ақау шықты. Соның салдарынан жүргізуші куәліктерін беру, жүргізуші куәлігін алғаш рет алушылар мен қосымша санат алушылар үшін қызметтер қолжетімсіз. Сондай-ақ әзірге қазақстандықтар теориялық және практикалық емтихандарды тапсыра алмайды. Ал көлікті қайта тіркеуге қою және жүргізуші куәлігін ауыстыру қызметтері қолжетімді.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-мен бірлесіп, ақауды жою және қызметті қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сервис жұмысының қалпына келтірілгені туралы қосымша хабарланатын болады. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», — делінген корпорацияның ШҚО бойынша филиалы баспасөз қызметінің мәліметінде.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓