COVID-19: +102

27 қыркүйекте Қостанай облысында коронавирус 102 адамнан табылды.
Атап айтқанда: Қостанай қ. — 29, Қостанай ауданы – 16, Қарабалық ауданы – 11, Б.Майлин ауданы– 6, Рудный, Лисаков қаласы, Амангелді, Әулиекөл және Мендықара аудандарында – 5, Жітіқара қаласы және Денисов ауданында– 4, Арқалық қ. – 3, Қамысты және Қарасу аудандарында – 2.
78 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде, 20 адам коронавирус расталған науқастармен байланыста болған күдіктілер ретінде, 4 жағдай профилактикалық мақсатта ауруханаға жатқызу алдында тексерілді.
Індет жұқтырғандардың ішінде 93 адамда ауру белгілері болды, 9 адамға симптомсыз түрі тән.
Жалпы, Қостанай облысында 2020 жылғы 3 сәуір мен 2021 жылғы 27 қыркүйек аралығында COVID-19-дың 33 115 жағдайы тіркелді.
Емделіп шыққан адамдардың саны – 28 907.
Осы жылдың 1 ақпанынан бастап бірінші компонентпен 316 948 адам, екінші компонентпен 284 865 адам вакциналанды.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓