Аймақ басшысы Арқалықта

Облыстың оңтүстік өңіріне іссапармен барған аймақ басшысы А.Мұхамбетов Арқалық қаласына ат басын бұрып, бірнеше нысанды аралады. Бұл туралы Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды. 
Облыс әкімі бірінші кезекте "Үміт" тері зауытына барды. Бұл кәсіпорын тері илеумен, оны өңдеумен  және былғары өнімдерін шығарумен айналысады. Қазіргі уақытта кәсіпорында шикізаттан дайын теріге дейін толық өндірістік цикл қалыптасқан. Мұнда жылына 48 мың шаршы метр былғары өнімі өндіріледі. Зауытта 42 жаңа жұмыс орны ашылған.
А.Мұхамбетов пластикалық терезелер шығаратын "Керейт" цехына да барды. Бұл цехы осы жылдың маусым айында ашылған. Одан әрі облыс әкімі Родина ауылындағы су құбыры желілерін жаңғырту жұмыстары барысымен танысты. Жоба құны – 490,9 млн теңге. Су құбыры желісінің жалпы ұзындығы – 23,2 км, оған 503 абонент қосылған.
Сонымен қатар, өңір басшысы Торғай боксит кен басқармасынан жұмыстан босатылған қызметкерлерді жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша кеңес өткізді. Сондай-ақ "Nur Otan" партиясының қалалық филиалында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. 
Бұдан соң облыс әкімі Арқалық қаласын жылумен қаму жүйесін жаңғырту жұмысымен танысты. Айта кету керек, бұл жоба Өңірлерді дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған бағдарламасы аясында іске асуда.  Жалпы құны – 7,4 млрд теңге. Бұған дейін де жазғанымыздай, жылу-энергетика орталығында биылдан бастап мазут емес, көмір пайдаланылады. Бұл отын сатып алуға жұмсалатын шығындарды 800 млн теңгеге дейін төмендетеді. Жыл сайын жылыту маусымына 48 000 тонна көмір сатып алынбақ. Биылғы маусымға қатты отын толық көлемде сатып алынған. Бүгінде объектідегі барлық маңызды құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталған. Қазір жоспарлы іске қосу-жөндеу жұмыстары басталды. 
Сапар соңында облыс әкімі А.Мұхамбетов Арқалық қаласының әкімі Ә.Асановқа қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуын ілгерілету бағытындағы жұмыстарды күшейтуді тапсырды.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓