Өңірімізде – түсірілім тобы

Қостанай облысына Қазақстан халқы Ассамблеясының «Тұңғыш Президент жолымен: Бейбітшілік пен келісімнің 30 жылы» халықтық экспедиция/теле-экспедиция» жобасының түсірілім тобы келді. Биыл аталған жоба еліміздің барлық өңірі бойынша телевизиялық форматта өтіп жатыр. Танымдық жанрға негізделген идеялық туынды Тәуелсіздік жылдары бой көтерген маңызды нысандар мен ғимараттар көрсетілетін болады.
   «Біз сіздердің өңірлеріңізге «Тұңғыш Президент жолымен: Бейбітшілік пен келісімнің 30 жылы» жобасымен келдік. Аталған экспедиция аясында әрбір өңірге келіп, түрлі кейіпкерлермен жүздесудемін. Тобыл өңірі отыз жылдың ішінде қандай асулардан өтті – соған көз жеткізу. Бұл түсірілімде айтарлықтай жетістіктер жайында және басқада қызықты жайттар көрсетілетін болады. Әуежайдан түсе сала Қостанай облысында, оның ішінде Қостанай қаласында түрлі шағын аудандардың жарқырап тұрғанын байқадым. Балабақшалар, жаңа мектептер көптеп салынған екен. Осының бәрі бізді қуантады. Біз қазір астықты өлкенің Достық үйінің тыныс-тіршілігімен танысудамыз. Мұнда Аналар кеңесі жұмыс істейді. Тек жиналып, шай ішіп қана кетпей, түрлі мәселелер, нақты сұрақтарды көтеріп, соны шешуге атсалысады. Қазір біздің кезекті жұмыс сапарымыз көп балалы Төлегеновтер отбасына барумен жалғаспақ. Аналар кеңесінің арқасында Төлегеновтер отбасы баспаналы болған екен. Олардың қалай өмір сүріп жатқандарын көзбен көріп қайтатын боламыз. Осы жерде мүгедек балалардың мәселесі де назардан тысқары қалмағанын естіп білдім, — дейді «Kazakh TV» арнасының директоры, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Майя Бекбаева бізбен сұқбатында. 
Әрбір өңірдегі Қазақстан халқы қалай тұрып жатыр, ұлтаралық келісім қалай қолдау тапты, еліміздегі түрлі этностардың өз ерекшелігін сақтай отырып, қазақ халқының ажырамас бөлігіне қалай айналды, осы сұрақтардың бәріне «Тұңғыш Президент жолымен: Бейбітшілік пен келісімнің 30 жылы» телеэкспедициясы жауап береді. Әр аймақтың өзіндік ерекшелігі бола тұра, бейбітшілік пен келісім саясатының ортақ дүние екендігі, негізгі межелері мен кезеңдері қарастырылмақ. Тәуелсіздіктің 30 жылында салынған нысандар мен ғимараттар, Достық үйлері, Бейбітшілік пен келісім орталықтары осының дәлелі.
Жоба 5 сериядан тұрады. Түсірілім тобының жұмысы Қазақстанның солтүстік, батыс, шығыс, оңтүстік және орталық аймақтарын қамтыпты әрі заманауи тревел танымдық шоу форматында өтуде.
   «Біз адамдармен жүздесеміз, түрлі нысандарға барамыз, әр өңірдің тарихына жүгінеміз», — деді Майя Бекбаев.
  Телеэкспедиция қорытындысы ҚР Тұңғыш Президент күні қарсаңында көрсетіледі.

 

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓