Теріскейдегі толымды істер

Бүгін аймақ басшысы Архимед Мұхамбетов Ұзынкөл ауданына іссапармен барып, өңірдегі атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.
Облыс әкімі алдымен аудандағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің ашылу салтанатында болды. Бұл нысан ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ашылып отыр. «Ауыл – Ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында Ұзынкөл аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің тапсырысымен бой көтерген нысан екі жыл ішінде салынып бітті. «Астана Технадзор» ЖШС бас мердігер болған екі қабатты кешеннің жалпы құны 459 млн теңге, оның 413 млн-ы республикалық, 46 млн-ы облыстық бюджет есебінен. Ауданы 1179 шаршы метр, құрылыс аумағы 14,2 мыңнан астам текше метр. Спорттық нысан 165 адамдық сыйымдылығы бар. Тұрғындарға жаттығып қана қоймай, баскетбол, волейбол, мини-футбол, фитнес және үстел ойындары бойынша жарыстар өткізуге болады. Кешенде тренажер залы, құрғақ бу бөлмесі, шахмат бөлмесі, әкімшілік блок орналасқан.
  «Бұқаралық спортты дамыту Қазақстан Республикасының әлеуметтік дамуының басым бағыттарының бірі болып табылады. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев барлық жастағы адамдар арасында бұқаралық дене шынықтыру мен спортты дамыту үшін жағдай жасау қажеттілігін бірнеше рет атап өтті. Соңғы екі жылдың ішінде облыста бокс мектебі, бірнеше спорт кешені, теннис орталығы, бассейн ашылды. Осы жылдың соңына дейін мұз спорт сарайы мен 50 метрлік жүзу бассейні пайдалануға беріледі. Екі жыл ішінде облыстың ауылдарында тағы 6 дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынады. Жалпы, биылғы жылы спортты дамытуға 10 миллиардтан астам теңге бағытталды», — деді А.Мұхамбетов.
   Бұдан кейін өңір басшысы күрделі жөндеуден өткен №2 жалпы білім беру мектебіне барды. Ауданы 2739 шаршы метр, сыйымдылығы 333 адамдық үш қабатты бұл оқу ордасын жаңартуға 222,2 млн теңге жұмсалыпты. Құрылыс жұмыстары биылғы мамырдан қыркүйек айына дейін жалғасқан. Бас мердігер – «Гренада» өндірістік-коммерциялық фирмасы» ЖШС.
   Сапар соңында аймақ басшысы Ұзынкөл ауданының әкімі М.Сандыбаевқа ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын ілгерілету бағытындағы жұмыстарды жалғастыруды тапсырды.
  
     
    Суретті түсірген Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓