Емтихан уақытша тоқтатылды

Қостанай облысының Халыққа қызмет көрсету жөніндегі мамандандырылған бөлімінде С және С1 санатындағы автомобильдер істен шықты. Сондықтан емтихан тапсыру уақытша тоқтатылды. Себебі, автомобильмен жасалатын маневрлердің барлық көрсеткіштерін "оқитын" датчиктерден ақау табылып отыр.
"Азаматтарға арналған үкімет "Мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ Қостанай облысы бойынша филиалында практикалық емтихан тапсыруға арналған автомобильдердегі датчиктерді орнатумен, қызмет көрсетумен және жөндеумен республика бойынша бірыңғай мердігер айналысады. Жасалған шартқа сәйкес, жергілікті жерлерде филиалдардың қызметкерлері датчиктерді өздері жөндеп, реттей алмайды.
"Қазіргі уақытта ескі үлгідегі датчиктерді тұтынудан бас тарту туралы шешім қабылданды. Емтихан тапсырушылар тарапынан олардың жұмысына қатысты шағымдар көбейді. Сондықтан келесі аптада практикалық емтихан тапсыруға арналған автомобильдерге, сондай-ақ автодромның өзінде GPS технологиясы бар жаңа жабдықтар орнатылады. С және С1 санаттарына тәжірибелік емтихандарды тапсыруды қайта бастау туралы ақпарат қосымша хабарланатын болады",-деп хабарлады "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ Қостанай облысы бойынша филиалының PR-менеджері Ярослава Богатырева.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓