Жолға салғырт қараған

1 қыркүйектен бастап жол және техникалық инспекция қызметкерлері мүдделі қызметтермен бірлесіп автожолдарға кешенді тексеріс жүргізіп жатыр.
Аталған инспекция қызметкерлері жақында «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК Қостанай облысы бойынша филиалының өкілдерімен бірлесіп, өңірдегі республикалық маңызы бар: М-36 «РФ шекарасы (Екатеринбург) – Алматы», А-21 «Мамлютка – Қостанай», А-16 «Жезқазған – Петропавл» автожолдарын зерттеді. Тексеру барысында мынадай кемшіліктер анықталды: белгілер қойылмаған, жол жиектерін пішіндеу жұмыстары жүргізілмеген, асфальтбетон жабыны сапасыз учаскелер, жол белгілерінің стандарт талаптарына сәйкес келмеуі.
Тексеру нәтижелері бойынша «Қазақавтожол» ЖШС ҚОФ мердігерлік ұйымының директоры ҚР ӘҚБтК-нің 631-бабының 1-бөлігі «Жолдарда жұмыс жүргізу, жолдарды, теміржол өтпелері мен жол құрылыстарын күтіп ұстау жөніндегі талаптарды, жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидаларында белгіленген өзге де талаптарды орындамау» тармағы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
2021 жылдың 8 айында жолдағы түрлі олқылықтарға байланысты 135 әкімшілік хаттама толтырылып, 5 млн теңгеден астам айыппұл салынған.
«Бұл – Полиция департаментімен бірлесіп істелген жұмыстың қорытындысы. Осы сегіз ай ішінде 7 мемлекеттік органның (әкімдік) тұлғасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 13 факті жол-көлік оқиғасы бойынша қаралды, 3 мердігерлік ұйым нұсқаманы орындамағаны үшін айыппұл төледі. Қалғандары жолдарды қанағаттанарлықсыз ұстағаны және жұмыс өндірісі бойынша талаптарды орындамағаны үшін жазаланды», — деп атап өтті «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК Қостанай облысы бойынша филиалының директоры Абылайхан Алшынбаев.
Аслан ҚАНҒОЖИН

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓