Қарабалықтан – Маңғыстауға

Қуаңшылықтан зардап шеккен Маңғыстау облысына Қостанайдан 8 вагон шөп жіберілді. Қарабалық ауданындағы кәсіпкер Тобыл Жарқынбаев ел көлемінде жүріп жатқан қайырымдылық шарасынан шет қалмай, қиындықта қысылған қауымға қол ұшын созды. Оның шаруа қожалығы Маңғыстауға жіберетін шөпті жаз бітпей тұрып дайындап қойған. Барлығы 280 ораманы жөнелтудің сәті осы аптада түсті.
«Бастама көтерген Құрмет бауырымыз Қостанайға жақында келіп, басқа да еріктілермен бірге шөпті тиеп, жөнелту мәселесін шешті. Тоғызақ стансасына дейін жеткізіп бердік. Маңғыстауға сол жерден әкетті. Бұл жерде көрініп қалу немесе басқа ойым жоқ, тек Алла разылығы үшін жақсылық істегім келді», — дейді Тобыл Жарқынбаев.Жанашыр азамат биыл облыс имамдары ұйымдастырған қайырымдылық іс-шарасына да атсалысқан. Қостанайдағы Жайлаубай ата мешіті мен Қарабалықтағы Ғашура ана мешітіне жиырма орама (он-оннан) шөп берді.Қазір ол басқаратын шаруа қожалығына тиесілі алқапта 15 жұмысшы еңбектеніп жүр. Қуаңшылықтан зардап шеккен аймақтарға кәсіпкердің тағы да көмектеспек ниеті бар.
 
Аслан Қанғожин

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓