102 адам жұқтырды

21 қыркүйекте Қостанай облысында коронавирус 102 адамнан табылды.
Атап айтқанда: Қостанай қ. — 37, Рудный және Жітіқара қалаларында —  10, Б.Майлин ауданы – 8, Лисаков қаласы, Әулиекөл және Федоров аудандарында – 6, Қостанай және Қарабалық аудандарында – 5, Денисов ауданы – 4, Ұзынкөл ауданы – 3, Алтынсарин және Қарасу аудандарында – 2. 
90 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде, 12 адам коронавирус расталған адамдармен байланыста болған күдіктілер ретінде тексерілген. 
Індет жұқтырғандардың ішінде 99 адамда ауру белгілері болды, 3 адам – белгілерсіз.
Жалпы, Қостанай облысында 2020 жылғы 3 сәуір мен 2021 жылғы 21 қыркүйек аралығында COVID-19-дың 32 494 жағдайы тіркелді. Емделіп шыққан адамдардың саны – 28 340.
Осы жылдың 1 ақпанынан бастап бірінші компонентпен 314 535 адам, екінші компонентпен 278 347 адам вакциналанды.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓