Асқар – чемпион

Қостанай облысы Полиция департаментінің жылдам қимылдайтын арнайы жасақ инспекторы Асқар Абдулла «А» санатындағы самбо бойынша Беларусь Республикасы Президентінің жүлдесіне арналған XXV Халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды.Минск қаласында өткен чемпионатқа жалпы ТМД елдерінен 11 мемлекет қатысқан. 98 келі салмақта күрескен аға лейтенант Асқар Абдулла Грузия, Тәжікстан қатысушыларымен күш сынасып, финалда жергілікті спортшыны тізе бүктірді.
Аға лейтенант спортпен бала күнінен бастап дос болғанын айтады. Ал самбомен курсант кезінен бері кәсіби шұғылдана бастапты. Негізгі қызметімен қоса, спортты қатар алып жүрген полицей самбо, қоян-қолтық ұрыс бойынша облыстық, республикалық турнирлерде талай рет жоғары нәтиже көрсетіп келеді. Полиция аға лейтенанты қазіргі күні Ресей Федерациясының Қазан қаласында өтетін келесі спорттық сайысқа дайындықты бастап кетті. Ол үшін арнайы жасақ бөлімшесі командирі Жәнібек Мұхамеджановтың тарапынан қажетті қолдау көрсетіліп келеді. Бөлімше қызметкерлерінің күнделікті жаттығу, спорттық дайындықтарының еш кедергісіз жүргізілуіне ерекше назар аударылған.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓