Абыроймен оралды

Көкшетау төрінде өткен III аймақтық театрлар фестивалінде облыстық Ілияс Омаров атындағы қазақ драма театрының ұжымы «Үздік қойылым» аталымын жеңіп алды. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Шахмет Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық-драма театрының 25 жылдығына орай 17-20 қыркүйек аралығында өткен III аймақтық театрлар фестиваліне аймағымыздағы қазақ өнерінің қарашаңырағы өнер көрсеткен еді. Сонымен қатар, фестивальде Қарағанды, Павлодар, Петропавл қалаларындағы облыстық қазақ театрлары да қойылымдар сахналады. Ілияс Омаров атындағы қазақ драма театры А.Чеховтың әңгімелерінің желісі бойынша театрдың көркемдік жетекшісі Баатырбек Шамбетов сахналаған «Кішкентай адамның үлкен трагедиясы» қойылымымен қатысты. Бұл тың дүние фестивальге алғаш рет ұсынылып отыр. – Біз бұл мерекеге құр қол барған жоқпыз. Өзіміздің тамаша спектаклімізді сахналадық. Нәтижесінде үлкен марапатқа ие болып жатырмыз. Біздің еңбегімізді бағалаған ел-жұртқа алғысымыз шексіз, – дейді І.Омаров атындағы қазақ драма театрының директоры Әлімхан Мырзахан.
Бір қызығы, аймақтағы театрлардың барлығы да Тәуелсіздікпен тағдырлас. Олар алдағы уақытта да осы жылы қарым-қатынасты үзбей, жалғастыра беретіндеріне сенімді.
Қыдырбек Қиысхан

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓