Көп балалы аналарға қолдау артады

2021 жылғы қаңтардан бастап, тамызды қоса алғандағы аралықта көп балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы төлемдерімен жалпы сомасы 188,4 млрд теңгемен орта есеппен 447,1 мың отбасы қамтылды. Соның ішінде тамызда жәрдемақының бұл түрін 452,3 мың отбасы жалпы сомасы 23,8 млрд теңгеге алды. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды. Аталған мемлекеттік жәрдемақыға төрт және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады. Төлем мөлшері балалардың санына байланысты сараланып төленеді және 2021 жылы 4 балаға 46 760 теңге, 5 балаға 58 457 теңге, 6 балаға 70 154 теңге, 7 балаға 81 852 теңге, 8 балаға 93 344 теңге, 9 балаға 105 012 теңге, 10 балаға – 116 680 теңге, 11 балаға 128 348 теңге, 12 балаға 140 016 теңге, 13 балаға 151 684 теңге, 14 балаға 163 352 теңге, 15 балаға 175 020 теңге, 16 балаға 186 688 теңге берілмек.
Еске сала кетейік, көп балалы отбасыларға олардың кірістерін есепке алмай берілетін жаңа мемлекеттік жәрдемақы Қазақстанда 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тетіктерінде көзделген табысы аз және көп балалы отбасыларды қолдаудың үш негізгі бағыты шеңберінде енгізілген болатын.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓