Күн сайын кеміп келеді

19 қыркүйек Қостанай облысында коронавирус 115 адамнан табылды. 
Атап айтқанда: Қостанай қ. — 47, Рудный қ. —  18, Қостанай ауданы – 10, Жітіқара қаласы және Әулиекөл ауданында – 8, Мендықара ауданы – 7, Денисов ауданы – 6, Федоров ауданы – 5, Лисаков қаласы және Қарасу ауданында – 3.
102 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде, 13 адам коронавирус расталған адамдармен байланыста болған күдіктілер ретінде тексерілді. 
Індет жұқтырғандардың ішінде 105 адамда ауру белгілері болды, 10 адамға симптомсыз түрі тән.
Жалпы, Қостанай облысында 2020 жылғы 3 сәуір мен 2021 жылғы 19 қыркүйек аралығында COVID-19-ды 32 285 адам жұқтырған. Емделіп шыққан адамдардың саны – 28 140.
Осы жылдың 1 ақпанынан бастап бірінші компонентпен 313 370 адам, екінші компонентпен 275 873 адам вакциналанды.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓