Құрылыс нысандарын тексерді

Бүгін облыс әкімі Архимед Мұхамбетов Қостанай ауданындағы және облыс орталығындағы құрылыс нысандарын тексерді. . Аймақ басшысы бұл туралы "Инстаграм" желісіндегі парақшасында жазды.
Облыс әкімі ең әуелі Қостанай ауданындағы «Бәйтерек» және «Астана» жаңа шағын аудандарының құрылысымен танысты. Бұл шағын аудандарда 45 тұрғын үй салу жоспарланған. Қазіргі уақытта жұмыстар кестеге сәйкес жүргізілуде.Одан әрі Қостанай қаласындағы шаңғы базасының аумағын қарап шықты. Шаңғы базасы «Жұмыспен қамтудың жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынған. Базада ұзындығы 3000 метр болатын шаңғы-роллер трассасы бар. Бұл аумақ сапалы жарықтандырумен қамтылып, асфальт-бетон жабыны төселген. Бұл оқу-жаттығу процесін жыл бойы жалғастыруға мүмкіндік береді.Одан әрі А.Мұхамбетов «Қонай» шағын ауданындағы үйлердің құрылыс барысын тексерді. Мұнда да жоспарлы жұмыстар кестеге сәйкес жүргізілуде.
«Қонай» шағын ауданында барлығы 1425 пәтерлі 30 тұрғын үй салу көзделген. Сондай-ақ, 280 орындық 4 балабақша және 900 орындық 2 мектеп салу жоспарда.Іссапар қорытындысында облыс басшысы Қостанай қаласының және Қостанай ауданының әкімдеріне жоспарланған жұмыстарды сапалы және көрсетілген мерзімде аяқтауды тапсырды.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓