Полиглот ару

Даяна Жүнісова 1996 жылы Қостанайда дүниеге келген. Ол 2013 жылы С.Мәуленов атындағы мектеп-гимназияны бітірді. Мұнан соң Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық қатынастар және Әлем тілдері Университетіне түсті. Мұнда ол қытай және ағылшын тілдерін тереңдетіп оқыды.
2017 жылы оқуын тәмамдап, білімін жетілдіру үшін Қытайдың Жансу провинциясындағы педагогикалық университетке (Jiangsu Shifan Daxue) құжаттарын тапсырды. Сынақтардан ойдағыдай өтіп, аталған оқу орнының магистрі атанды.
Даяна Қытайда үш жыл оқыды. "Автокөлік терминдерінің қытай және ағылшын тілдеріндегі аудармасының ерекшелігі" деген тақырыпта диссертациялық жұмысын жазды. Ғылыми еңбегін сәтті қорғап шықты.
Даяна төрт тілді еркін меңгерген. Өз ана тілін қоспағанда орыс, қытай және ағылшын тілдерінде мүдірмей сөйлеп, жаңылмай жазады. Ол осынау полиглоттық қабілетін студенттерге үйретіп жүр. Атап айтқанда, Көкшетау қаласындағы Ш.Уәлиханов атындағы университетте қазақ және орыс бөлімдерінде оқитын жастарға қытай және ағылшын тілдерінде дәріс оқиды. Ол Қытайда жүргенде ханзу балаларына ағылшын тілінен сабақ берген. Даяна «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» деген сөзді қағида етіп ұстанады.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓