Дерт жұқтырғандар – 124 адам

17 қыркүйекте Қостанай облысында коронавирусты 124 адам жұқтырған. 
Атап айтқанда: Қостанай қ. — 48, Рудный қ. —  15, Әулиекөл ауданы – 9, Жітіқара қаласы және Денисов ауданында – 8, Қостанай және Б.Майлин аудандарында – 6, Лисаков қаласы және Қарасу ауданында – 5, Федоров ауданы – 4, Алтынсарин және Қамысты ауданында – 3, Науырзым және Мендықара аудандарында – 2. 
110 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде, 13 адам коронавирус расталған адамдармен байланыста болған күдіктілер ретінде, 1 жағдай профилактикалық мақсатта ауруханаға жатқызу алдында тексерілді. 
Індет жұқтырғандардың ішінде 112 адамда ауру белгілері болды, 12 адамға симптомсыз түрі тән.
Жалпы, Қостанай облысында 2020 жылғы 3 сәуір мен 2021 жылғы 18 қыркүйек аралығында COVID-19-ды 32 170 адам жұқтырған. Емделіп шыққан адамдардың саны – 28 017.
Осы жылдың 1 ақпанынан бастап бірінші компонентпен  313 204,екінші компонентпен 275 513 адам вакциналанды.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓