Орталық ашылды

Лисаков қаласы тұрғындарына көмек көрсететін «iKomek-109» ахуалдық орталығы ашылды. iKomek-109 орталығы Лисаков қаласы әкімі аппаратының бірыңғай диспетчерлік қызметіне қосылған. Орталық күндіз-түні тұрғындардың қоңырауларына жауап береді.
Коммуналдық кәсіпорындардың барлық Call-орталықтарын біріктіретін және Лисаков қаласының тұрғындары және қонақтары үшін бірыңғай байланыс нүктесі болып табылады.
 -Халықтың өмір сүру сапасын жақсарту және кері байланыс жасау үшін «iKomek-109» орталығында операторлар тәулік бойы өтініштер қабылдайды. Сұрақтардың басым бөлігі бірден шешіліп, орындау үшін тиісті жауапты органдарға жіберіледі. Бұл ретте келіп түскен өтініштерге талдау және бақылау жасалады, — дейді мамандар.
iKomek орталығы барлық емханалармен, барлық коммуналдық кәсіпорындардың ыңғайластырылып ақпараттандырылған. Сондықтан да кез-келген сауалыңыз болса бірден 109 нөміріне хабарласыңыздар.
Сонымен қатар iKomek орталығының +7 7071001109 ватсап нөміріде сіздер үшін тәулік бойына қызмет етеді. Қай кезде болса да сауалдарыңызға жауап беруге дайын.
   Лисаков қаласы.

 

 

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓