Жаңа кейіпке енді

Қашар кентінің орталық алаңына ажар кірді. Күрделі жөндеу жұмысына қала бюджетінен 45 млн теңгеден астам қаржы жұмсалған.
Алаңға жаңа брусчаткалар төселіп, балалар және спорт алаңдары салынды, су жаңа орындықтар мен қоқыс жәшіктері орнатылған. Дәл қазіргі уақытта волейбол, баскетбол және шағын футбол ойындарына арналған алаңдар құрылысы жүріп жатыр.
Алда осы аумақты абаттандыру жұмыстары да күтіп тұр. Сондай-ақ қыс мезгілінде мұз айдынын салу мәселесі таяу уақытта пысықталмақ.
Айта кетейік, 5 қыркүйек күні кент әкімінің сайлауы өтіп, үш үміткер ішінен Саят Ахметжанов дауыс санымен озып шыққан еді. Алаң құрылысы жаңа басшы қолға алған алғашқы жұмыстардың бірі деуге болады.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓