Аралық нәтиже: 102 мың адам санақтан өтті

2021 жылғы 13 қыркүйектегі мәлімет бойынша, Қостанай облысында өңір халқының 102,4 мың адам немесе шамамен 11,9%-ы онлайн режимде санақтан өткен. Олардың 84 мыңы sanaq.gov.kz сайтында, 11,2 мыңы Egov порталында тіркелу арқылы жауап берсе, 7,2 мың адам санаққа Аitu қосымшасы арқылы қатысты.
Қостанай қаласында онлайн режимде санақтан өту мүмкіндігін 30 мың адам немесе қала тұрғындарының 11,8%-ы пайдаланды.
Халық санағының алғашқы күндерінде Арқалық қ.ә.тұрғындары ең белсенді болды – аймақ тұрғындарының 20,4%-ы онлайн санақтан өтті, Аудандар арасында Жангелдин (18,6%), Алтынсарин (18,3%) және Амангелді (18,2%) алда.
Интернет арқылы санақтан өтуге ниет білдіргендердің ең азы Әулиекөл ауданы (6%) және Рудный қаласына (6,6%) тән.
Басқа өңірлерде онлайн санақтан өткендердің саны 7,2% (Лисаков қ.ә.) бен 16,7% арасында (Бейімбет Майлин ауданы).
Ұлттық статистика бюросы азаматтарға белсенділігі үшін алғыс айтып, азаматтарды онлайн режимінде санақтан өтуге шақырады. Sanaq.gov.kz сайты 15 қазанға дейін тәулігіне 24 сағат бойы қолжетімді. Онлайн режимінде өтпегендер 1-30 қазан аралығында интервьюерлермен санақтан өтуге болады.
Барлық сұрақтар бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін 1446 call-орталығына хабарласуға болады. Қоңырау шалу тегін.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓