Облыс жылыту мауысымына дайын

Бүгін облыс әкімі А.Мұхамбетов қала және аудан әкімдерімен селекторлық кеңес өткізіп, оның барысында 2021-2022 жылдардағы жылу беру маусымына дайындық мәселесі пысықталды. Аймақ басшысы бұл туралы "Инстаграм" желісіндегі парақшасында жазды. А.Мұхамбетовтің мәлімдеуінше, алдағы күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа дайындық әзірленген іс-шаралар жоспарына сәйкес жүргізіледі. Жалпы, облыс жылыту маусымына толық дайын.
Сонымен қатар, Арқалық қаласының алдағы жылыту маусымына дайындығы да қарастырылды. Қаланы жылумен қамту жүйесін қайта салу отын сатып алуға жұмсалатын шығындарды азайтуға мүмкіндік бергелі отырғаны айтылды. Бұл, әрине, жылдағыдай отын үнемдеп, жылуды тиісті мөлшерден төмендетіп беру мәселесін толық шешеді.Бұдан соң жиынға қатысушылар назары мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру барысына бұрылды.
"Мемлекеттік ақпараттық саясат ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасы бойынша «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы тиімділігінің негізгі аспектілерінің бірі болып саналады. Облыста халықты ақпараттандыруды қамтамасыз ету жолында қызмет ететін 118 БАҚ тіркелген", — деген дерек келтіре кетті аймақ басшысы.
Ол кеңес қорытындысында жылыту маусымын үздіксіз өткізу шараларын қабылдауды, сондай-ақ азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін жергілікті билік органдары қабылдаған шаралар туралы халықты жан-жақты хабардар ету шараларын жетілдіруді тапсырды.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓