Донорға 4 мың теңге төленеді

Қазақстанда қан тапсырушы донорға төленетін ақы 6 есеге көбейеді. Нақтырақ айтқанда, компенсация көлемі 4 375 теңгеге дейін ұлғаймақ. Бұған дейін қан және оның компоненттерін тапсыру құны 729 теңге болатын. Оның сыртында, донорға тегін берілетін ауқат эквивалентінің көлемі де артады. Енді ол 1,5 АЕК-ке тең болады. Бұл туралы ktk.kz тілшісі хабарлады.ҚР Денсаулық сақтау министрлігі өтеулі негізде қан мен оның компоненттерін тапсыратын донорларға төленетін төлемдердің қағидаларына, өлшем шарттары мен мөлшерлеріне, сондай-ақ қанды немесе оның компоненттерін донациялауды өтеусіз негізде жүзеге асырған донорды тегін тамақтандырудың ақшалай баламасының мөлшеріне өзгерістер енгізеді.
Түсіндірме жазбада айтылғандай, төмен өтемақы (0,25 АЕК) қан донорларының әлеуметтік мәртебесіне теріс әсер ететін, елеулі беделін түсіретін фактор болып саналады. Сонымен қатар, ерікті донорлардың жетіспеушілігінен туындаған донорлықты насихаттауды күшейту қазақстандық қоғамдағы жағымсыз реакцияны арттырады. Осыған байланысты соңғы бес жылда тіркелген донорлардың статистикасы 30%-ға қысқарған.
Салыстыру үшін айтсақ, Ресейде ақысыз донорға берілетін ақшалай өтемақы шамамен 1200 рубльді құрайды (≈ 6800 тг), Беларуссияда 31,55 бел. рубль төленеді (≈5045 тг), Германияда донорларға деген жалпы қажеттілік университеттік клиникаларда өтеледі, онда бір донация үшін тегін тамақтанумен қатар 40 евроға дейін өтемақы алуға болады (≈ 20 200 тг).
"Қазақ тағамтану академиясы ҚБ" ЖШС ұсынымдарына сәйкес, донорлар қан тапсырған күні шамамен 4790 ккал қорек жинайтындай азық-түлік рационын қабылдауы керек немесе ақшалай баламасы 1,5 АЕК көлеміне сай келуі тиіс. Құжат жобасы 20 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылауға салу үшін "Ашық НҚА" сайтына жарияланған.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓